"Халық мені таниды": Ахметбеков сайлауда жеңіске жететініне сенімді

/uploads/thumbnail/20190506124308582_small.jpg

Қазақстан коммунистік халық партиясының үміткері Жамбыл Ахметбековті 6 мамырда орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Сайлау комиссиясының дерегіне қарағанда, Ахметбеков Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 қол жинаған. Комиссия оның 135 506-сын есепке алған. Қазақстан президенттігіне кандидат болу үшін үміткер 118 140 қол жинауы тиіс.

Ахметбеков қол жинауды 29 сәуірде бастап, 4 мамырда аяқтаған. Кандидат "бұл жолғы сайлауда жеңетінімен сенемін" дейді.

— Сайлауға қатысуда тәжірибем бар. Бұл жолғы сайлауда өзімді таныстыру кампаниясын жүргізбеймін. Халық мені таниды. Бұл жолы әлеуметтік мәселелерге ден қоямыз, - деді Ахметбеков.

Жамбыл Ахметбеков бұған дейін де - 2011 жылы өткен президент сайлауына қатысқан. Сол жылғы сайлауда Назарбаев - 95,55, Ахметбеков 1,36 пайыз дауыс алған.

Ахметбеков 2012 жылдың 20 қаңтарынан бері - мәжіліс депутаты.

Бұған дейін ОСК "Нұр Отан" партиясы сайлауға үміткер ретінде ұсынған Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" қозғалысы ұсынған үміткер Сәді-Бек Түгел, "Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы" ұсынған Амангелді Таспиховті, "Ақ жол" партиясы ұсынған Дания Еспаеваны, "Ауыл" партиясы ұсынған Төлеутай Рақымбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеген.

Связанные Статьи