Орал қаласының орталығында бос плакатпен тұрған жігітті полиция қызметкерлері ұстады

/uploads/thumbnail/20190506164709702_small.jpg

Орал қаласының орталық алаңындағы Абай ескерткішінің алдында 24 жасар Аслан Сағутдиновты  қолына жазбасы жоқ таза плакат ұстап шыққаны үшін полиция қызметкерлері ұстап алып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz сайтының деректерін негізге ала отырып.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Абай алаңына қолына таза плакат ұстап шыққан 24 жасар Аслан Сағутдиновты Абай полиция учаскесіне жеткізілген кейін босатып жіберген.

Осы әрекеті арқылы ол Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталмағанын көрсеткісі келген.  Асланның айтуынша, полицейлер жарты сағаттай плакатқа бірдеңе жазуын өтініпті.

– Полицейлер әкімшілік хаттаманы рәсімдеу үшін мені плакатқа бірдеңе жазуды сұрады. Мен бас тарттым, мені түсініктеме алып, үйге жібердім, — дейді белсенді.

Ол журналистерге айтқан сөзінде: «Мен пикетке қатыспайтын қарапайым азамат екенімді көрсеткім келді. Ұрандамай-ақ және плакатта ешқандай жазулар болмаса да, мені полиция бөліміне алып кетті. Менің атым Аслан Сағутдинов, және мен тарихи еркін Қазақстан халқының қазіргі күнгі еркіндігі үшін...», – деді.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Связанные Статьи