Меркель Рамазан айында мұсылмандарға сый жасады

/uploads/thumbnail/20190511135741602_small.jpg

Германия канцлері Ангела Меркель Германиядағы мұсылман-кәсіпкерлерді салықтан босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтының мәліметіне сүйене отырып. 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мұсылман-кәсіпкерлер ай сайынғы кіріс салығын төлемейді. Жеңілдікке қол жеткізгендердің арасында ислам тауарларын сататын базарлар мен халал мейрамханалардың иелері бар. Ел билігінің бұл әрекеті – Рамазан айының оразасы уақытында мұсылмандар үшін азық-түлік бағасын арзандату үшін жасалып отыр.

Осыған дейін Меркель әртүрлі дін өкілдерімен кездесуінде елдегі барлық дінге деген көзқарас бірдей деңгейде болуы керектігін айтқан болатын.

"Мұсылмандардың барлығы дерлік – өте жақсы адамдар және Конституцияны қолдайтын Германия азаматтарының үлгісі. Ислам діні Германияның бір бөлшегіне айналғанына ешқандай күмән жоқ",- деді канцлер.   

Аударған: Дәурен Сыбанбай

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи