Желіде Алматы қаласының маңында өртке оранған қоқыс полигонының ұшақтан түсірілген видеосы пайда болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы тұрғыны Мақсат Жарасбаев 15-мамырда Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ұшып келе жатып, өртті көзі шалып қалған.
"Өртті ұшақ терезесінен Әйтей ауылының тұсынан байқап, видеоға түсіріп алдым. Өте қатты түтіндеп жатты",- деген тұрғын, кішкентай балаларының жағдайына алаңдағанын да жасырмады.
Аударған: Дәурен Сыбанбай