2019 жылғы 1 сәуірде еліміздегі халық саны 18448,6 мың адамға жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Оның ішінде қалалық тұрғындар саны – 10734,2 мың (58,2%), ауылдық тұрғындар –7714,4 мың адам (41,8%).

2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім: Шымкент (52,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,3 мың адам) және Алматы (49,9 мың адам) сынды республикалық маңызы бар қалаларда анықталды.
Ұсынған: Маржан Сәбет