2019 жылдың 29-мамыр күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті жиналысы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шарада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.
Бақылаушы ретінде Молдова президенті Игорь Додон келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Тәджікстан президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Мемлекет басшылары ЕЭО-тың даму үрдісі мен өзекті тақырыптарды ортаға салады. Жиналыс кезінде одақтың халықаралық бағыттары және 2019-2020 жыладар аралығына маакроэкономикалық саясатын талқылайды.
Аударған: Ильдар Адильченов
Оставить комментарий