Мәжіліс заң жобасын мақұлдады: Бағынышты пара алса, басшысы жауап берсін!

/image/2019/06/19/maxresdefault.jpg

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеттері үшін басшыларды жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мәлімет ҚР Парламент мәжілісінің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа заң жобасы Парламенттің жоғары палатасының қарауына жіберілді.

Басшыларды жауапкершілікке тарту туралы құқықтық нормалар "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи