30-ға жетпей ғаламтор арқылы миллионер болған 10 адам

/uploads/thumbnail/20170708181718841_small.jpg

Ғаламтор арқылы миллионерге айналуға болады. Ондайларға мысалды көптеп табуға да дайынбыз. Бірақ олардың арасында қаракөздердің болғанын қалайтынымыз тағы бар.Біреу ғаламторда көп отырып өз уақытын өткізіп алса , біреулері ғаламторды бизнеске айналдырған. Тіпті сол бизнестерін алға жылжытып миллионер және  миллиардер аталынып жатқандары қаншама. Марк Цукеберг, Павел Дуров бұл есімдер сіздерге таныс болар.  Алайда бұлардан да басқа адамдар ғаламтор арқылы өз бизнесін жүргізіп жүргендер де бар.

Соның бірнешеуін сіздерге ұсынамын.

1

1) Эшли Куол  25 жаста

2004 жылы 14 жасында «whateverlife»  сайтын құрады. Ол сайтқа өзінің жасаған графикалық  жұмыстарын сала бастайды. Алайда Эшли сайтын коммерциялық мақсатта ашпаған. Жай графикамен жұмыс жасауға қызыққандықтан ашқан екен.  Оның графикамен жасаған жұмысы жасөспірім қыздар арасында қызығушылық  тудырған.  Сайты да аздап танымал бола бастайды. Кейіннен Эшли сайттағы жарнаманың маңызын түсініп жарнама арқылы ақша таба бастайды. Ол жарнама жасаудан ең алғаш $2700, сосын $5000, сосын  $10000 ақша табады. 3 жыл өткен  соң яғни 2007 жылы Эшли өзінің алғашқы миллонына қол жеткізеді.  Алайда бір нәрсеге жету үшін екінші бір нәрсені құрбандық ету керек қой. Э. Куолс құрбандыққа мектебін шалды. Ол өзінің бизнесін белсенді түрде жақсы жүргізу үшін мектепті тастауына тура келген.

Мамандар Эшлидің ай сайынғы табысы 70 000 доллар деп есептеді. Оның табысының көп бөлігін Google Adsense – дегі жарнамалар құрайды. Қазіргі уақытта Эшли әлемдегі ең жас миллионерлер қатарына жатады.

2

2) Девид және Катерина Кук  -  24- 25 жаста

Ағалы - қарындасты Девид пен Катерина Кук  2005 жылы MyYearBook.com  әлеуметтік сервисін құрады. Ол кезде олар Америкадағы мектептердің бірінде жоғары сыныпта оқитын 15 пен 16 жастағы оқушылар болатын.  Басында  осы сервисті қолданушылар арасында ғана  танымал бола  бастады. Кейіннен  инвесторлар ақша салғаннан кейін  сервисте чат қызметі, флэш-ойындар,  өзінің виртуалды ақшасы пайда болды.  Әрине, myyearbook , М. Цукербергтің Facebook- гін жеңе алмады.  Алайда жарнама арқылы ақша табатын, ойынның  ішінде виртуалды ақшасы болатын, ақша төлеп жазылатын  әлеуметтік сервис ретінде  myyearbook   Құрама Штаттарда 3-орынға ие   болды.

2009 жылғы табысы $20 миллион болды.  Бірақ 2011 жылы  Quepasa әлеуметтік желісі $100 миллионға  сатып алады.

MUNICH, GERMANY - JANUARY 23:  Founder of Tumblr David Karp speaks during the Digital Life Design conference (DLD) at HVB Forum on January 23, 2012 in Munich, Germany. DLD (Digital - Life - Design) is a global conference network on innovation, digital, science and culture which connects business, creative and social leaders, opinion-formers and investors for crossover conversation and inspiration.  (Photo by Nadine Rupp/Getty Images)

3) Девид Карп (tumblr.com) – 29 жаста

1986жылы 6 шілдеде туылған.

Қазіргі уақыттағы ең танымал блогтұғырнама tumblr - негізін қалаушы.  Нью-Иорктағы  Манхэттенде туып өскен.  14 жасында телепродюсер әрі  аниматор Френк Сейберттьің қол астында тағылымдамадан(стажировкадан ) өтеді. Тағылымдамадан өткен соң UrbanBaby жас отбасыларға арналған ғаламтор- жобасында жұмыс істейді. 2006 жылы  Девид өзінің істеп жүрген жұмысын тастап, жеке өзіңің микроблогтарға арналаған платформасын құрады.  Арада  3  жыл өткен соң  яғни 2009 жылы  тамызда BusinessWeek журналы оны  IT саласындағы үздік  жас кәсіпкер деп атады.  Болг тұғырнаманың танымал болғаны сонша  2011 жылы  қазанда  тіпті АҚШ президенті  Барак Обаманың  өзі tumblr   - дан  өз  блогын ашты.

4

4) Патрик Коллисон және Джон Коллисон 26-24 жас   

 Патрик Коллисон және Джон Коллисон  ағайынды бағдарламалашылар. (программалаушылар). Stripe  сервисін ойлап тапқан. Бұл сервис негізінен ұялы телефоннан ғаламтор арқылы төлем жасауға арналған болатын.  Былай қарағанда қарапайым болып көрінгенімен ағайындылардың құрған компониясы 4 жыл ішінде $120 миллион  инвестиция  тартқан.  Ал сарапшылар оны $1,75 млрд  бағалаған.

5

5) Адам Хилдред( dubit.co.uk) – 30 жас

1985 ж  25 наурызда туылған.

Небәрі 14 жасында 1999 жылы  жаңа әлеуметтік желіні іске қосады.  Оның құрған Dubit limited жобасы 1999 жылы Гиннес Рекордтар кітабына ең  жас кәсіпкерлер құрған жоба ретінде енеді.  Coca – Cola сияқты алпауыт компониялар желі қолданушыларын мақсатты топ  ретінде пайдаланып, жастарға арналған маркетингтік  стратегия жасайды. Адам 4 жыл бойы  Dubit limited агенттігінің басқарушы директоры болады.  Ал 19 жасқа шыққанда ол Ұлыбританиядағы ең бай 20 жас кәсіпкердің арасына кіреді.  Ол кездегі оның дәулеті 2 милллион фунтқа таяу болады.  Сарапшылар пікірінше 2020 жылға қарай Адам Хилдреттің байлығы 40 миллион фунт болады деп болжауда.

6

6) Блейк Аарон  Росс (Mozilla Firefox )- 30 жаста

1985 жылы 12 маусымда Флорида штатының Майами қаласында туылған.  Жастайынан технологияға қызыққан. Тіпті  небәрі 10 жасында Росс өзінің ең алғашқы  сайтын жасаған.  15 жасында Netscape компониясында  жұмыс істеп, сонда Дейв Хевиттпен танысады.  Дейв Хевиттпен бірге 2004 жылы Mozilla Firefox браузерін  құрды. Браузер ғаламтор  қолданушылар арасында тез таныла бастады. Браузер  1 айдың ішінде 100 миллион рет жүктелінген.  Ал сол  кезде Росстың жасы бар болғаны 19 жаста еді.

2005 жылы  Wired  журналы  Блейк  Россты  Rave Award  жүлдесімен марапттайды.

Бүгінде Блейк  Росс   Mozilla Foundation- да  және тағы басқа бағдараламалармен жұмыс жасайды.

Ал Mozilla Firefox -  әлемдегі танымал тегін  браузердің бірі.

7

7) Эван Шпигель -25 Бобби Мерфи-27 жаста

Эван Шпигель ауқатты отбасыдан шыққан. Бірақ ата- анасы үйленгендеріне  20 жыл толғанда   ажырасып кетеді.  Бұл Эванға ауыр тиеді. Сол кезде Эван Red Bull – да тегін тағылымдамадан  өтеді. Тағылымдамада ол маркетинг саласында  қалай жұмыс істеу керек екендігін түсінеді. Эван Стенфорд – та оқып жүргенде Бобби Мерфимен танысып,  екеуі бірге FutureFreshman.com  сайтын құрады.Сайт талапкерлерге  жоғары оқу орынын таңдау кезінде көмектесетін құрал  болады. Алайда бұл сайтты тек ата- аналар мен талапкерлер ғана қолданатындықтан Эван мен Бобби басқа бағдарлама ойлап табу керек екендігін ұғады. Сөйтіп олар Snapchat- ты жасайды. Оларға Snapchat ты жасауға Реджи Браун көмектеседі.  Snapchat- фотографиялар мен бейнероликтерді жөнелтетін әлеуметтік желі. Бұл әсіресе американдық жастар арасында өте танымал.  Snapchat әлеуметтік желісіне М. Цукеберг қызушылық танытып Эван мен Боббиге $3 млрд сатуға ұсыныс жасайды.. Алайда олар бас тартты.  Компония жұмыс істегелі $120 млн- нан астам инвестиция тартылған.  Қазіргі уақытта Snapchat жақсы қарқынмен дамып келе  жатыр.

8

8) Палмер Лаки(Oculus Rift  ) -  22 жаста

1992 ж 19 қыркүйекте туылған.  Калифорния штатында Лонг-Бинг қаласында туып өскен.   Лаки жасөспірім кезінде суреттердің сапасына көңілі толмайтын. Себебі ол виртуалды ақиқат ретінде сезінгісі келетін.  Оның осы көңілі толмаушылық өзінің қалағандай түрде сурет жасауына әкеп соқтырады.  Ол 18 жасында ең алғаш әкесінің гаражында өзінің алғашқы прототипін жасайды. Оны ол  CR1 деп атайды.  Ол әрине бірден керемет болып кетпейді. Сосын Лаки тағы да жұмыс жасау нәтижесінде CR1 –ге 3D  функциясын қосады.

Кейіннен Лаки  өзінің жасаған жұмысына 3D  функциясын қосып өз ойын Oculus Rift арқылы жүзеге асырады. Oculus Rift шлемі арқылы адамның виртуалды өмірді ақиқат өмір ретінде елестетуге жол ашады.  Тіпті осындай шлеммен компьютерлік ойын кезінде  үйлердің төбесінен  секіру де  кәдімгідей қорқынышты болады.

Oculus Rift стартапына $93,4 млн инвестиция тартылған.

Қазіргі уақытта  Oculus Rift  М. Цукебергтің меншігінде. Себебі ол 2014 жылы наурыз айында П. Лакидан $2,4 млрд сатып алған болатын.

9

9) Ник Д' Алойзио – 20 жаста.

 Ник Д' Алойзио -   ауқатты отбасыдан шыққан.  Әкесі -  банкир, анасы- заңгер.  Алайда ата- анасы балаларын жастайынан  бай адаммен  кедей адамның қалай өмір сүретінін құлағына құйып өсіреді. Сонымен қатар баласына достары  сияқты бос уақытты көңіл- көтеруге емес, пайдалы нәрсеге жұмсау керек екендігін есіне салып отыратын болған.  Ата- ананың берген тәрбиесі Никтің өміріне елеулі әсер етеді. Ол жастайынан техникаға қызығып ,  бағдарламалау тілдерін өз бетінше оқи бастайды.  Ник  IPHONE-  ға  арнап бағдарлама жасау арқылы  ақша таба алатынын түсінді.Ол  Apple –дің бағдарламасының комплектін жүктейді. Ал оның тілін түсіну үшін Amazon.com  сайтын пайдаланып өз бетінше білімін толықтырады.  Біраз уақыттан кейін ол SoundStumblr  музыкалық бағдарламасын жасайды. Бұл бағдарлама арқылы музыканы Bluetooth  арқылы жақын жерден естіп жүре алатын мүмкіндік алады.  Сонымен қатар  Ник 2011 ж өзінің блогына жаңа бағдарламаны жасағанын  жазады.  Бұл бағдарлама арқылы ғаламтор бетіндегі кез келген материалды мазмұны бойынша осы заман оқырман талаптарына сай  өте қысқа мәтін  генерациялайтын алгоритм ойлап   тапқан.  Осы алгоритим негізінде  15 жасар Ник JOS – қа арнап қосымша жазып оны  Summly  деп атайды.  2 жылдан кейін  Yahoo корпорациясына $30 млн- ға сатады.

10

10) Джульетт Бриндак ( missОandfriends.com)

Джульетт  - Вашингтон университетінің  студенті. 8-13 жас аралығындағы қыздарға арналған miss О and friends.com сайтының бас директоры.   Сайтта виртуалды ойындар, тесттер, чат қызметі және Мис О  кейіпкері бар.  Бұл сайт қыздарға арналған  ресурстардың  рейтингісінде 3-орында тұр.

Джульетт өзінің қиялындағы Мисс О кейіпкерінің суретін  10 жасында салған.  Біраз уақыттан  ол кейіперінің тек өзіне ғана емес,  құрбыларына, тіпті басқа қыздарға да ұнайтынын түсінеді.  Ол достары үшін интпернетте  Мисс О деген арнайы топ құрады.  Кейіннен miss О and friends.com сайтын ашады.  Қазіргі уақытта бұл ресурсқа күніне миллиондаған адам кіреді. Джульеттің Мисс О бизнесі  15 миллион долларға  бағаланған.

Қания Табыс

Связанные Статьи