Асауға- тұсау. Жылқы дегенде мінез болуы керек қой. Қазақ жылқы мінезді болған. Бірақ біз барымызды салып оны жуасытуға күш жұмсап жатырмыз. "Әкесі баласын зорлап келіпті", "Күйеуімнің досына ғашықпын" деген сыңайдағы ғаламтор материалдары халықтың етін жамандыққа әбден үйретіп жатыр. Енді біраздан кейін біздің тітіркену талшықтарымыз ондай жаңалықтарға қыңқ етіп қыбырламайтын да болады. Таңғалу сезімі де адамнан алшақтап барады. Бұлай болғанымыз кімдерге керек?