Алматы қаласының полицейлері автокөліктерге жалған сақтандыру құжатын сатқан күдіктінің әрекетін әшкереледі,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД сілтеме жасай отырып. 23 жасар күдікті сақтандыру компаниясының агенті болған. Тергеу барысында азамат С жалған бланкілерді азамат Ж-дан алғандығын айтқан. Бүгінге дейін ондаған автокөлік иесіне жалған сақтандыру құжаты сатылып кеткен. Күдіктінің әрекетін әшкерелеуге жалған құжат жасатқанын кейін байқап қалған автокөлік иесінің арызы түрткі болған. Осы арыздан соң сақтандыру компаниясы да шағым түсірген екен.