Бұқаралық спортты дамыту-Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген басты басымдықтардың бірі. Бұл тұрғыда Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданында да жемісті жұмыстар жетерлік. Әсіресе, 2017 жылдан бері қарай бұл бағыттағы жұмыстар қарқын ала түскен. Мысалы, сол жылдың өзінде ауданда барлығы 151 спорттық ғимарат халыққа қызмет көрсетті. Оның ішінде 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 8 атқыштар тирі, 77 спорт алаңшалары, 29 футбол алаңдары, 33 спорт залдары және 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлме елдің игілігіне жарады. Бұл нысандардың барлығы аудан аумағындағы елді мекендерде орналасқан.
2017 жылғы мәлімет бойынша аудан көлемінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 22859 адам шұғылданды. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының жалпы санына (81347 адам) есептегенде, 28,1 пайызды құрады.
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және аула клубтарындағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің қамтылғаны 11,2 пайызды межеледі.
Есепті кезеңде ауданға қарасты Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1044 бала спорттың 12 түрімен шұғылданды. Бұл балалармен 31 жаттықтырушы-оқытушы спорттың қазақ күресі, дзю-до, самбо, еркін күрес, бокс, жартасқа өрмелеу, баскетбол, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, құсбегілік, волейбол және футбол бойынша жұмыс жасады.
Жалпы, Түрксіб ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 504 бала спорттың 6 түрінен жаттығады, бұл балалармен 16 жаттықтырушы-оқытушы бокс, дзю-до, грек рим күресі, қазақ күресі, кикбоксинг, еркін күрес, шахматтан жұмыс атқарады.
Саламатты өмір салтын ұстану бағытында аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары кешкі мезгілде аптасына екі рет ауылдық округ аймақтарындағы орта мектептердің спорт залдарында волейболмен, баскетболмен, аудан аймағындағы екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің залдарында, жастар орталығындағы тренажер залы мен ауылдық округтердегі кіші футбол алаңдарында жаттығып отырады. Бұл тұрғыда кесте бойынша 17 ауылдық аймақтағы 48 спорттық нысандар қызмет көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар жылдан жылға жанданып, көрсеткіштер де еселеніп келеді.
Оставить комментарий