Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді. Оны Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды",- деп жазды Берік Уәли.
Оставить комментарий