Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 11 мың теңгеден алады

/image/2019/11/28/crop-44_8_410x547_998635.jpg

Елордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі 1 желтоқсан күніне орай әлеуметтік төлемдер әлеуметтік осал санатқа жататын қала тұрғындарына көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы елордалықтар жәрдемақы алады.

Бұл санатқа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен адамдар кіреді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде анықталады. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, елордада кедейлік шегі 25398 теңге деңгейінде белгіленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 4,5 АЕК немесе 11363 теңгені құрайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи