Мамандардың айтуынша, Түркістан облысы балалар мен ересектердің суицид жасауы бойынша бірінші орында. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Бұндай статистикамен "Just Support" қорының атқарушы директоры Светлана Богатырева бөлісті. Оның айтуынша, 2019 жылы кәмелетке толмаған 180 бала өз-өзіне қол жұмсаған. 2018 жылға қарағанда суицид жасағандардың саны 6.7 пайызға өскен.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері бойынша Түркістанда 38, Алматыда 27, Жамбыл облысында 16 және Шығыс Қазақстан облысында 14 жағдай тіркелген.
Светлана Богатыреваның сөзінше, мектеп психологтары жасөспірімдер психикасының өзгеруін бақылауда ұстауы керек.
Оставить комментарий