Корнавирус: Жамбыл облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған 13 адам карантинге жатқызылды

/image/2020/03/25/1083e234-a417-4ab4-a8d7-01aa1b1fdf43.png

Кеше, 24 наурыз күні түнде коронавирус жұқтырғаны анықталған Жамбыл облысының тұрғыны бір күн бұрын Қырғызстаннан келген. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты. 

Оның айтуынша, вирус жұқтырған азамат Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны, 29 жаста,  жүргізуші болып жұмыс істейді. 

"Вирус табылған азаматпен қарым-қатыныста болған адамдар түгелдей анықталды. Қазір 13 адамды карантинге жатқыздық. Науқастың жағдайы бірқалыпты, денсаулығына шағым жоқ, дене қызуы байқалмады" деді Марат Жұманқұлов.

Бұдан бөлек, Жұманқұлов әлеуметтік желіде "Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан вирус табылды" деген ақпарат жалған екенін айтты. 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 79 адамнан коронавирус табылды. Алматыда – 31 адам, Нұр-Сұлтанда – 41 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Шымкентте – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи