Қазақстанда 58 кандидат сенат депутаттағына тіркелді

/image/2020/07/24/crop-19_6_697x1239_24_07_2020_1.jpg

Орталық сайлау комиссиясы парламент сенаты депутаттығына 58 кандидат тіркелгенін хабарлады. 17 мандатқа 94 адам ұсынылған. Оның 58-і тіркелген.

Өңірлер арасында ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласынан және Ақмола облысынан тіркелді. Екі аймақтан да 5 адам тіркелген.

Кандидаттардың ішінде 48 ер адам (82,8%), 10 (17,2%) әйел  бар.

Кандидаттар арасында мамандықтары бойынша 19 инженер, 13 экономист, 8 педагог, 7 аграрлық сала қызметкері, 5 дәрігер, 3 заңгер, 1 саясаттанушы бар.  2 үміткер өзге мамандық иесі.

Қызметі бойынша 21 кандидат коммерциялық құрылымда, 16-сы мемлекеттік ұйымда, кәсіпорындар мен мекемелерде, 12-сі мемлекеттік қызметте, 5-еуі қоғамдық ұйымда істейді. 4 кандидат сенат депутаты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи