Құрама Штаттардағы алдын ала сауалнамалардың денінің нәтижелерінде президенттікке демократ үміткер Байден көш бастап тұрғандықтан, Трамп өз байлығынан сайлау науқанына 100 МИЛЛИОН доллар бөлуі мүмкін екенін айтты.
Қазіргі уақытта АҚШ президентінен демократиялық қарсыласы Джо Байден жалпыұлттық пікір сұрауда басып озуда. 2016 жылы Трамп сайлануда жеңіп шығу үшін өзінің жеке дәулетінен 66 миллион доллар жұмсаған. Алайда өкілеттегі президенттің өзінің қайта сайлау науқанына қомақты қаржы қосуы ерекше жағдай.
Трамп Флоридада сөз сөйлеу үшін аттанар алдында Вашингтонның сыртындағы Эндрюс бірлескен базасында журналистерге күтпеген мәлімдеме жасады.
Журналистерге сөйлеген сөзінде ол "қажет болса, мен (қаржы) бөлемін. Бірақ бізге бұл қажет емес" деген.
Президент өзінің қараша айында қайта сайлануын қамтамасыз ету үшін "не керек болса да" бәрін жасайтынын айтты.
Тамыз айында Байденнің науқаны бір айда 365 миллион долларға жетіп, жаңа рекорд жасады.
Бұған дейін ең жоғары болған Барак Обаманың науқаны 193 миллион долларға жеткен.
Трамп науқаны тамыз айында қанша ақша жинағаны туралы әлі жария етпеді.
Алайда, республикашылдар төрт күндік республикалық ұлттық конгрессте 76 миллион доллар жинады деп мәлімдеген.
Оставить комментарий