Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді" делінген хабарламада.
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды.
Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді.
Оставить комментарий