Қазақстанда өткен түріктілдес елдер басшыларының саммитіне келмей қойған Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ренжіп қалған. Бұл туралы «Қамшы» порталы түркиялық haberrus.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астанада өткен түркітілдес елдер басшыларының саммитіне әуелде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысады деп күтілгенімен, түрік президенті Анкарадағы партия съезіне қатысатыны себепті, Астанадағы саммитке келуден бас тартқан.
90-жылдары кеңестер үкіметі тарқатылып, ондағы түркітілдес мемлекеттер егемендік ала бастаған кезеңде географиялық саясатта Түркияның рөлі жоғарылай бастаған еді.
Түкрияның осы жылдардағы иммундық өзгеріуі күллі әлемді дүр сілкіндірердей болып, республиканың саяси, мәдени, экономикалық және гуманитарлық салалары дами бастаған. Жаһандық саясатта «үшінші әлем» қалыптастыру үшін түркітілдес мемлекеттердің бірігуі үлкен қадам еді. Солай болды да, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Әзірбайжан осы тұрғыдан Түкрияның бастамасын толық қолдады. Ал, Түркияның тоғызыншы президенті Сүлейман Демирел мырза осы елдермен байланысты арттыруды көздеген болатын. Ол жекелеген қатынастарға байланысты институционалдық құрылым жолын таңдады. Осы ретте «Түркітілдес елдердің саммиті» басты рөлге ие болды. Бірінші кезекте бұл ең маңызды ынтымақтастық тетігіне айналды. Соның ішінде Түркия саммитке қатысу көрсеткіші ең жоғарғы деңгейге жеткені де жасырын емес.
Ал, Түркия президенті басшылық ететін Ак партия бұл үрдісті тамаша жалғай білді.
Түркі кеңесін құру туралы шешім 2009 жылғы 3 қазанда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Нахчыван саммитінің қорытындысы негізінде қабылданғаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда Түркі Кеңесіне төрт мемлекет – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болып кіреді.
Иә, биылғы кеңес Қазақстан астанасында 10-11 қыркүйекте өткен болатын. Бұл саммитке Түркия президенті Ердоған да қатысады деп күтілген. Алайда, саммит ашылған ресми сәтте Ердоғанның орыны бос қалды. Ол келмей қойды. Түркия президентінің іс -жоспарлары бойынша, 7-қыркүйек Оңтүстік Кореяға, 9-қыркүйек Үндістанға, сосын Қазақстанның астанасындағы саммитке қатысуы керек еді. Алайда ол бұл мемлекеттердің ешбіріне бармай қойды. Ал мемлекет басшыларына жіберген хатында ол «ресми іс- сапарлардың болмай қалуын Түркиядағы болған террорлық әрекеттермен байланыстыратынын» айтқан.
Ал, Түркия президентінің хатынан кейін Қазақстан президенті өзінің реніш хатын дипломатиялық жолдар арқылы жеткізген-мыс. Қазақстан президенті Ердоғанның саммитке келмей қоюын елдегі Ақ партия съездіне қатысуымен байланыстырған.
Түйін: Қазақстанды ата-бабасының Отаны деп есептейтін Түрік басшысы Ердоғанның кенеттен Елордадағы саммиттен бас тартуының астарында не жатыр? Екі ел президенттері дипломатиялық қатынастарды айтпағанда, бір-біріне бауырым деп тіл қатушы еді ғой. Ердоғанның Елордаға жасаған соңғы сапарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «бауырым» деп құшақ жая қарсы алғаны есімізде. Сол кезде Астанаға ресми сапармен келген Түркия президенті де тартынып қалмай, әріптесін қолпаштай сөйлеген-ді. Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары екі елдің арасында алыс-берістің азайып қалғанын мойындап, енді оны арттыруға келіскен. Үш күнге жалғасатын сапар барысында Реджеп Тайып Ердоған қасиетті Түркістан қаласына да барып, тәуап еткен еді.
Әдеттегідей, әлемдік саясатта өз орны бар 61 жастағы Реджеп Тайып Ердоғанның кортежін мотоциклге мінген оққағарлар Ақордаға бастап келеді, «алыстағы бауырымыздың» қазақ жеріне табаны тиіп, Президент Назарбаев әріптесін есік аузынан күтіп алып, түбі бір туысқанына бауырым деп қошемет көрсетеді, сосын мәртебелі мейманнымыз Қазақ хандығының тойын тамашалайды деп күтілген еді. Ердоғанның кенеттен құбылуына не себеп болды? Назарбаев оған не үшін өкпеледі?
Жалпы, соңғы жылдары Түркияның сыртқы саясатының Таяу Шығысқа бағытталғанын сарапшылар жиі айтады. Дегенмен, Анкара үшін Еуропалық одақпен қарым-қатынас ешқашан маңызын жоймақ емес. Режеп Тайып Ердоған Еуропаға, батыс елдеріне қарата анда-санда мәлімдеме жасап қойғанымен, іс жүзінде Түркия бәрібір де Еуропа елдерінен алыстамайтыны түсінікті. Түркияның шетелдермен сауда-саттық, экономикалық байланыстарының басым бөлігі Еуропаға бағытталған. Өйткені, Анкараның Еуропалық одаққа мүше болып кіруге деген үміті әлі өшкен жоқ. Ал, Таяу Шығыс пен ислам әлеміне қатысты ұстанымдарына келсек Ердоғанның неоосмандық көзқарасы бар. Яғни, бұрыңғы Осман империясының құрамына кірген елдерге «ағалық ақыл айтып» отырғысы келеді.
Сонымен бірге, Түркия ислам әлемінде көшбасшы болуға ұмтылып келеді. Түрлі саяси ойындарға баратыны, астыртын әрекеттер ұйымдастыратыны да содан. Түркияның өзге елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарына назар аударсақ, мәселенің мән- жайы бірден аңғарылады. Әдетте, «бауырым, бауырым» десіп бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп жататын Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы соңғы бес жылда өзгерген де жоқ. Өзгерсе де мардымсыз ғана өсу болды.
Ердоғанның Елордаға жасаған өткен жолғы сапарында да «ескі-құсқыны еске түсіріп» қоюдан әріге бармағаны белгілі. Рас, 800 млн долларлық келісім-шарт жасалды. 7 министрін ертіп келді Ердоған. Бірақ, бәрібір елді елең еткізетін келіссөздер байқамадық. Әдеттегідей, сауда-саттық, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп сынды мәселелер қарастырылған тәрізді. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін түріктердің байқамай отырғандығы да таңқалдырады. Не де болса, Елбасы осы үшін Ердоғанға өкпелесе керек-ті.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Оставить комментарий