"Тиімсіз деп санаймын" Тоқаев ауған босқындары туралы айтты

/image/2021/09/16/crop-63_12_606x808_014.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда. 

Тоқаев Ауған босқындарын және шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды қолдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар гуманитарлық көмек пен ауған халқына халықаралық қолдау көрсетудің маңыздылығын ескере отырып, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының қызметкерлері Алматы қаласында уақытша орналастырылғанын айтты. 

Президенттің сөзінше Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, гуманитарлық дағдарысқа бет алған. 

– Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет, – деді Тоқаев.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи