Жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болды. Отыздан астам адам қаза тапты

/image/2021/10/15/crop-6_4_290x390_kandahar_mosque.jpeg

"Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласында шииттер мешітінде жарылыс болып, соның салдарынан кемінде 32 адам қаза тауып, 45 адам жараланды" деп хабарлады провинцияның денсаулық сақтау қызметкерлері.

Жарылыс жұма күні, түстен кейін қаладағы шииттердің ең үлкен  Биби Фатима мешітінде болды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Сайед Хости Твиттерде "Қандагар қаласының бірінші ауданындағы шиіт бауырластардың мешітінде жарылыс болып, онда біздің көптеген отандастарымыз шейіт болып, жараланды. Талибан арнайы жасақтары оқиғаның сипатын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін аймаққа келді" деп жазды ол.

Куәгерлер үш жарылысты естігенін айтты, бірі мешіттің негізгі есігінде, екіншісі оңтүстік аймақта, үшіншісі жуынатын жерде болған.

Олар төрт жанкешті мешітке шабуыл жасағанын жеткізді.

Куәгерлер мешіттегі жұма намазына әдетте 500-ге жуық адам қатысатынын айтты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи