Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме? Министр жауап берді

/image/2021/12/02/crop-122_2_540x720_493b4641221987aee4f81ad78018eebb.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенат отырысында мектептерде балалар ертеңгілігін өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады.

– Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ6 олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады, – деп жауап берді ведомство басшысы сенат отырысында.

Сондай-ақ, министрге "омикрон" штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

– Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз, – деп түсіндірді министр.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи