Нұрлан Нығматулин Орталық сайлау комиссиясына мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы өтініш түсірді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін" делінген ОСК хабарламасында.
Сондай-ақ Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты ретінде тіркелді.
Бұған дейін Нұрлан Нығматулин отставкаға кететіні туралы ақпарат шыққан. Оның орнына келуі мүмкін кандидат ретінде президент әкімшілігінің төрағасы Ерлан Қошанов аталған.
Оставить комментарий