Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, тұрғындарды алдап келген адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктінің 10 эпизодқа қатысы бары анықталған. Полиция алдау әрекетінің құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.
Polisia.kz порталының хабарлауынша, күдікті 31 жастағы күдіктіні Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстаған.
Б. есімді азамат мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сату туралы ақпарат таратып, тұрғындардан алдын ала төлем сомасы ретінде 50 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Ақшаны қолына түсірген соң, баййланыссыз кетіп отырған.
Оставить комментарий