Оралда мәжіліс депутатығына үміткер болған, журналист, қоғам белсендісі Лұқпан Ахмедияров ұсталды.
Лұқпан Ахмедияровты 488 баптың, 7 бөлігі "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бойынша айыптаған. Хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
"Шын мәнінде ол әкімдіктің митинг өткізуге рұқсат бермегенін, тек алаңға баратынын баратынын айтқан" – деп мәлімдеді айыпталушының бауыры Жаннат Ахмедияров.
Еске сала кетейік, Лұқпан Ахмедияров сайлау кезінде дауыстырының ұрланғанын айтып, полицияға арыз берген. Полиция арызға "қылмыс белгісі жоқ" деп жауап беріп, іс қозғамаған болатын.
Ал бүгін қоғам белсендісі әлеуметтік парақшасында полиция "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыптап, ұстамақ болғанын хабарлаған. Кейін оның полициямен бірге бөлімшеге кеткені белгілі болған еді.
Оставить комментарий