Журналистке келген хатта:
"13.04 күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз "Хово" жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып, 7 баланың әкесі 37 жастағы Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз марқұм болды. Бала күнімнен бірге өскен әрі көршім, әрі досым еді. Өте мейірімді кімге көмек қажет болса, қол ұшын созуға асығып тұратын азамат. Соңғы іс әрекеті де елі үшін көмекке асығу болыпты. Көмекке аттанар алдын өте қуанышты халде болып жүр еді, жақсы тілектер айтып шығарып салып едік, амал нешік жете алмады", - деп жазылған.
Ынталы ауылының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлын жерлеу рәсімінде марқұмның жолдасы Сара 7 баламен жесір қалғанын айтады.
"Бүгін жерледік. Қолымда екі қайным бар. Біреуі үшінші топтағы мүгедек. Балаларымның үлкені - 16 жаста. 10-сыныпта оқиды. Ал ең кенжем - 2 жаста", - деді.
Қазіргі уақытта жергілікті журналистер отбасына арналған қор ашып, қаржылай көмек көрсетуде.
Оставить комментарий