Тағы бір басылым жабылмақ

/uploads/thumbnail/20170708151216192_small.jpg
     Бүгін 12 ақпан  күні сағат 17.00  Бостандық аудандық сотында  (Орбита-2, 20А үйі) "Правдивая газета" басылымының  соңғы сот  отырысы  өтеді. Басылым  қызметкерлері көпшіліктен қолдау  күтеді. Неғұрлым  көп  жиналса,  соғұрлым  сөздері  де дәлелдері  де  өтімдірек  боларына  үміттенеді. "Біздің қорғаңыздаршы,  бізге керегі тек сіздердің қатысуларыңыз! Оқырмандарымызды, пікірлестерімізді күтеміз.  Біздің газетті жабылудан алып  қалыңыздаршы!"  делінген олардың ресми хаттарында. 
   Естеріңізге сала кетейік, "Правдивая газета" саяси теріс пікірлері үшін  тамыз айында  3 ай  мерзімге  уақытша  тоқтатылған  болатын. Соңғы уақыттарда  да  бірнеше рет  қысым  көрсетіліп, соңында  ісін  сотқа  сотқа  жіберілген.  Қалай  болғанда да,  шымбайға  батар  шындықты  айтқаны  үшін сотқа  тартылған бұл басылымның тағдырын бүгін  шешілер...

Оставить комментарий

Связанные Статьи