Дәурен Бабамұрат: Базар аралаған шенеунік күлкіңді келтіреді

/uploads/thumbnail/20170708151221829_small.jpg

Кеше, бүгін  мүйізі қарағайдай шенеуніктер базар мен дүкен аралап, бағаны тұрақтандыруға тырысып бағуда. Алайда, бұл жағдай күлкіден басқа ешқандай сезім тудырмайды. Себебі, бағаны өсірмеген сатушы ертең сырттан жаңа тауар кіргізе алмай қалады. Оның үстіне, бізде Қазақстанда ешбір орган нақты талап ету үшін қай заттың үстіндегі пайдасы қанша екенін білмейді,  Мәселен, Қытайдан киім, не көкөніс  әкеп сататын делдалға: "-Тауарды 20 теңгеге алдың, жол мен базар құны  10 теңге, енді затты 50 теңгеден асырма!" деген талап  бар. Ал бізде  айта алатын бір  шенеунік, не салық қызметкері бар ма арамызда?!  Ондайлар жоқ және болған емес, сол себепті еш шенеуніктен қорықпаған дүкендер бүгін көп заттарының бағасын алаңсыз 20-30% өсіріп тастады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи