Мұхтар Шерім: «Найман» қалпағын киесіз бе, «Қоңырат» қалпағы керек пе?

/uploads/thumbnail/20170708151224320_small.jpg

Әшейінде: «Бөлінгенді бөрі жесін!» деп жатамыз. Бірақ бір-бірімізді «жеп» жатамыз... Шымкент қаласы моншаларының бірінде буханаға киетін қалпақтардың жеті атасы шықты! «Найман»  қалпағын киесіз бе, «Қоңырат» қалпағы керек пе, «Албан» қалпағы қажет пе, өз руыңызды біліп кимесеңіз, басыңыз буға күйіп қалатындай... Құдайым-ау, оны қойыңызшы... жеңіл көліктер «найман», «дулат», «қоңырат» болып көшелерде зуылдап жүр! Алдыңғы, артқы нөмірлерінің жиегіне осылай жазылған... Бұған не дейсіз енді? Рудың машинаға қандай қатысы бар? Ал, енді Жетісайдан қатынайтын «Газельдерді» көріп, көздерім жерге «секіріп» кете жаздады... Артқы терезелеріне жабыстырылған үлкен парақшаларға баттитып: «Қоңырат», «Албан», «Найман» деп жазып қойған. Не үшін? Не түрткіледі? Қандай мақсат? «Біз қазақпыз!» деп жазып қойса мейлі ғой. Мұндай түйсікпен, мұндай саяз оймен мәңгілік ел болатынымызға сенбеймін... «Қазақ елі» атанайын деп жатқанымызда жағамызды ұстап жүрген жайымыз бар... Алматыда "Божбан" дүңгіршегі бар...Тіпті ру аттарымен аталатын салаттардың да бар екенін естігенбіз... Оңтүстік астанадағы кафелердің бірінде... Руыңды білген жақсы -ау, трайбализммен ауырған қандай жаман!

Оставить комментарий

Связанные Статьи