• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 16:02:33
Алматы
+35°

10 Қазан, 2016 Денсаулық

Күйеуінен әбден қорлық көрген әйел халықтың көмегіне жүгінді

Желіде адамдардан көмек сұраған Гүлмира Қабышева есімді қазақ 

Желіде адамдардан көмек сұраған Гүлмира Қабышева есімді қазақ әйелінің жазбасы пайда болды. Онда ол күйеуінен әбден қорлық көргенін жазады. Оны күйеуі өзімен бірге тұруға мәжбүрлеп, ажырасуға мүмкіндік бермеген. 5 ай бойы ұстап қинаған,- деп хабарлайды Qamshy.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Мен Ақтауға кетерден бір күн бұрын ол мені тауып алды. Бұл оқиға 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні болды. Ұрып-соққан соң қашып кеткенмін, бірақ, ол мені тауып алып, аяғымды сындырып, күштеп Ақсайға алып барды. Мен мүлде байланыссыз қалдым. Гипсті шешкен соң бір жары айдан соң мен қайтадан қашып шықтым. 29 шілдеде анам балаларды алып Астанаға келді. Бірақ, күйеуім менің ізіме такси жүргізушілері арқылы түсіпті. Ізге түсу тіпті Ақтөбе вокзалында басталып кетіпті. Нәтижесінде ол жалдаған пәтерімізді тауып алып, мені тағы да алып кетті”, – дейді ол.

Гүлмираның айтуынша анасы бар кезде күйеуі бұған саусағының ұшын да тигізбеген. Өзін тәртіпді адам сияқты ұстапты. Ал анасы Ақтөбеге кете салысымен, келіншегін тура Ақтөбе-Ақсай тас жолының бойында жұдырықтаған.

“Ол қайтадан телефон, компьютерді алып қойды. Барлық құжаттар мен кілттерді де тартып алды. Осылайша мені айдан астам уақыт бойы ұстады. Осы уақыт ішінде ресми ажырасқанымызға қарамастан мен оның әйелі болып “рөл ойнадым”. Алғашқы екі рет қашып шыққаным сәтсіз аяқталды. Қазір үшінші рет қашып отырмын. Мына масқара аяқталу үшін осы жолы барымды саламын”, – деп жазады әйел.

Ол күйеуі барлық нәрсеге дайын жауыз адам дейді. Өтірікші, маньяк, психикалық ауытқыған адам деп сипаттаған.

“Ол мені тағы да іздеп тауып алуға күш салатыны белгілі. Жоғары жаққа да жазамын. Әсіресе балалар мен олардың психискасы үшін өте қорқынышты жағдай”, – дейді әйел.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір