• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:41:19
Алматы
+35°

10 Қазан, 2016 Әлеумет

Өнер академиясының түлегі Мұхамедиұлын "қыздарға қырындағыш" деп айыптады (ВИДЕО)

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының бұрынғы түлегі Еңлік Сыдықова мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын «қыздарға...

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының бұрынғы түлегі Еңлік Сыдықова мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын «қыздарға қырындағыш» деп айыптады,- деп хабарлайды Qamshy.kz  Kazday-ге сілтеме жасап. Қыздың айтуынша, «ол отырған қызметіне лайық емес».

Facebook парақшасында жарияланған видеожазбада Еңлік 2011 жылы ҚазҰӨА –ға оқуға тапсырғанын баяндайды. Жас қыз  оқуға тапсыратын кезде  емтиханға кешігіп келіп, мекеме қызметкерлеріне рұқсат сұрауға барған, ол кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚазҰӨА –ның басшысы қызметінде отырған.  

Еңліктің сөзіне сенсек,  бірінші кездесуде ректор  мәселені 3000 доллармен шешуді ұсынған.

« Айтылған сома мені біраз абыржытты, бірақ ол Оқу орнында оқу мені одан арман алаңдатты. Мен ойлануға уақыт керек екенін айтып, кетіп қалдым. Сыртта мені әпкем күтіп тұрған, үйге бара жатқан жолда ректордың көмекшесінің қоңырауынан телефоным тыным таппады. Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының менімен қайта сөйлескісі келетінін айтты», — дейді Еңлік.

Екінші кездесуде ректор оған басқа ұсыныс жасаған.

«Ол менің қайда, кіммен тұратынымды сұрады. Сосын былай деді: «Сен менімен қонаққа барасың ба, шарап ішіп, би билеп, көңіл көтереміз». Мен бұл сөздерді осындай сыйлы адамнан естігеміне қатты таң қалдым»- деп әңгімесін жалғастырады қыз.

Ол бұл ұсыныстан да бас тартқан, бірақ университетке оқуға түскен.

Қыз ректордың мұндай ұсынысын алған топтағы жалғыз қыз емес екенін, бұл мәлімдемені режиссерлерге қолдау білдіру үшін жасағанын айтады.

Қазақстандық режиссер Талғат Жаныбеков шілденің 12 күні оның «Феникс» атты жобасының бұғатталғанын мәлімдеді. Картина авторының ойынша,  фильмді қаржыландыру  мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кесірінен тоқтап тұр. Жаныбеков министрлікте  өндіріс қайта жаңару үшін «ауызбастырық» сұраған.

Маусымның 19 күні ҚР  мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссер Жаныбековты сотқа берді.  Мұхамедиұлы өзін жаман атқа қалдыратын дәйексіз ақпарды жоққа шығарып, символикалық  моральді шығын ретінде 1 теңге айыппұл төлеуді талап еткен.  

 Кейіннен шағымданушының өтініші қараусыз тоқтатылып,  ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына ашылған қылмыстық іс оқиғалардың және қылмыс нышандарының  жоқтығынан жабылды.  

Қазан айында Мұхамедиұлының режиссерді қылмыстық жауапқа тарқаны белгілі болды.  Мәдениет және спорт министрі Талғат Жаныбековты жала жапты деп айыптады.

Бүгінде  Еңлік Сыдықованың мәліметіне байланысты Қазнетте #ОТСТАВКУМУХАМЕДИҰЛЫ хештегі қызу жүріп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір