• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:21:56
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Спорт

Қытайдың бокс саласы Қанатқа жоғары баға беруде

Қазақстандықтардың, тіпті дүние жүзінің назарын аударған Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Сіләмұлы мен Ганалық әріптесі Патрик Аллотейдің алдағы уақытта...

Қазақстандықтардың, тіпті дүние жүзінің назарын аударған Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Сіләмұлы мен Ганалық әріптесі Патрик Аллотейдің алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін жарысына орай Қытай Халық Республикасындағы ең үлкен бокс сайты  – «Бокс авиаматкасы» сайты арнайы хабар таратып, Қытайдағы қалың бокс әуескерлерінің назарына ұсынды. Хабардың мазмұны мынадай:

 

Қанат 29 қазанда Патрикпен белдеспек 

 

Ақпарат дәнекерлерінің хабарына қарағанда, кезінде Қытай құрамасы атынан 2008 жылғы Бейжиң олимпиядасына қатынасқан Қазақстан кәсіпқой боксшысы Қанат Сіләмұлы қазанның 29 күні тағы да бокс шаршы алаңына шығып, Ганалық әріптесі Патрик Аллотеймен жекпе-жекке түспек. Қарсыластар WBA Fedelatin және WBO Intercontinental нұсқалары бойынша титул  үшін белдеседі. Жекпе-жек 29 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 18: 00 де «Алматы әрена» спорт кешенінде өтеді. 

32 жастағы Қанат Сіләмұлы қазірге дейін кәсіптік жекпе-жекте 21 рет толық жеңіске жеткен, 18 реткі жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберген (талдырып түсірген). Қанат 1984 жылы Шыңжаңның Алтай аймағында туылған. 1997 жылы Шыңжаң бәсекелік денетәрбие мектебінің бокс командасына, 2001 жылы Шыңжаң бокс командасына, 2004 жылы олимпияда жарысы мемлекеттік шоғырлы жаттығу командасына кірген. 2007 жылы тамызда Үрімжі халықаралық бокс достық жарысында Қанат Сіләмұлы 69 килограм салмақ дәрежесінде аға жүлдегер, 2007 жылғы дүние жүзілік жүлделі жарыста 69 килограм салмақ дәрежесінде 3 болған, 2008 жылғы Бейжиң олимпиядасының 1 орта салмақ дәрежесінде (69 килограм) қола медал алған. 2009 жылы Қанат Сіләмұлы дүние жүзілік кәсіптік бокс сахнасына ресми қадам тастады, қазірге дейін үртіс 21 рет жеңіске жетті, мұның ішінде 18 реткі жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберген. Қанаттың ең жақында өткен жарысы биыл мамыр айында болды, онда Колумбиялық Хуан Де Анхельмен кездесіп, оны техникалық нокаутпен жеңді. Қанат ــ жұдырығы ауыр, шабуылға майталман боксшы. 

26 жастағы Патрик Аллотей ــ қазірге дейін кәсіптік жекпе-жекте 34 рет жеңіп, 2 рет жеңілген, 28 реткі жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа жіберген. Ол жуырдағы 4 реткі жекпе-жекте үртіс жеңіске жеткен, күші мығым болғанымен, шайқастағы нәтижесінен қарағанда, Қанат Сіләмұлына тең келе алатындай емес. 

Қазір Қазақстанда Головкиннің төбе көрсетуімен бокс жұрттың назарын аударды. Головкиннен тыс, қазіргі WBA дың 1 ауыр салмақ дәрежесіндегі жай бокс патшасы Бейбіт Шүменов та Қазақстандық.

Міне, осылайша миллярдтар елі атанған еліміздегі ең үлкен бокс сайты Қанат Сіләмұлына зор сенім артып отыр. Қатардағы жанкүйер ретінде Қанат Сіләмұлына сәттілік тілейміз.

Сенбек Әуесқанұлы

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір