• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:29:20
Алматы
+35°

28 Қазан, 2016 NEWS

Қаржы министрлігінде ЕҚДБ-мен одан әрі ынтымақтастық талқыланды

Қаржы министрлігінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) Қазақстан Республикасы атынан Басқарушы, Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың ЕҚДБ бірінші...

Қаржы министрлігінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) Қазақстан Республикасы атынан Басқарушы, Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың ЕҚДБ бірінші вице-президенті Филл Беннетпен кездесуі өтті. Бұл туралы "Қамшы" порталы Қаржы министрлігінің ақпарат қызметіне сілтеме жасап хабарласты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы өзара іс-қимыл серпінін талқылады, жақын арадағы 4 жылға ынтымақтастық басымдықтарына қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан үшін Банктің жаңа стратегиясын дайындаудың бірқатар практикалық мәселелерін көтерді.

Алдыңғы стратегиядағы сияқты жеке секторды дамытуға қолдау көрсету Қазақстандағы Банк қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалады. Қазақстан Банктің жеке секторын дамыту бойынша Банктің күш-қарымын жоғары бағалайтынын
Б. Сұлтанов атап өтті.

            Тараптар сондай-ақ басымды бағыт ретінде кең ауқымды жекешелендіруді өткізу және Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын құру мәтінінде капиталдың жергілікті нарықтарын ынталандыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Б. Сұлтанов жасыл экономика қағидаттарын ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ЕҚДБ Директорлар Кеңесі осы бағдарламалық құжатты 2017 жылғы 1-тоқсанда қабылдау мақсатында стратегияның толық мәтіні бойынша жұмысты жалғастырады.

2013 жылғы желтоқсанда қабылданған ЕҚДБ-ның Қазақстан үшін алдыңғы стратегиясы 2016 жылы әрекетін аяқтайтынын естеріңізге сала кетейік.

Өз кезегінде, ЕҚДБ өкілдері Қазақстан Үкіметімен Банктің ойдағыдай іс-қимылын жасайтынын атап өтті. Бұл ретте, олар
Б. Сұлтановқа әріптестікті кеңейтудегі көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

            Әріптестік туралы негізгі келісімдер шеңберінде жобаларды іске асыру нәтижесінде соңғы жылдары ынтымақтастық үдемелі дамыды және практикалық сипат алды.

Қазақстан қазіргі уақытта Ресей, Түркия және Орталық Азия арасында қаржыландыру бойынша 2-ші орын алады.

Әріптестік туралы негізгі келісімдер шеңберінде ЕҚДБ инвестициялық жобаларының индикативтік қоржыны 3 965 млн. теңге АҚШ долларын құрайды, оның ішінде ЕҚДБ үлесі 1 232 млн.АҚШ долларын құрайды.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы» автомобиль жолының «Орталық - Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» 2152-2214 км (Күрті – Бурылбайтал учаскесі)» жобасы бойынша Кепілгерлік келісіміне қол қойылды.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға осы Жобаны қаржыландыру үшін 86 млн.АҚШ.долл. сомасында мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз беріп отыр.

Жобаның мақсаты Астана қаласынан Алматы қаласына дейін автокөлік құралдарының жүру уақытын қысқарту, көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру, ЖКУ-ның деңгейін қысқарту және қоршаған ортаға көліктің теріс әсерін азайту болып табылады.

Қаражатты әкімшілендіруді және оны пайдалануды Жобаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жүзеге асыратын болады.

Жобаны іске асыру 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасымен көзделіп отыр.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып қалады және осы Кепілгерлік келісімге қол қою тараптар арасындағы жоғары сенімді растайды және ынтымақтастықтың нығаюының айқын дәлелі болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір