• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:56:14
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 NEWS

ҚАНАТ ИСЛАМ ШАРШЫ АЛАҢҒА «»ДҮР ҚАМШЫ» ӘНІМЕН ШЫҚТЫ

Бүгінгі кештің басты бәсекесінде Қанат ұпай санымен жеңді! «Алматы Арена» спорт сарайында күллі қазақ жұрты көптен күткен бокс кеші өтті. Лықа...

Бүгінгі кештің басты бәсекесінде Қанат ұпай санымен жеңді! «Алматы Арена» спорт сарайында күллі қазақ жұрты көптен күткен бокс кеші өтті. Лықа толған Аренада жанкүйерлер өте жақсы белсенділік танытты. 
Қанат Ислам шаршы алаңға шығар алдында "Қамшы" порталының гимні "Дүр Қамшы" ойнап тұрды.

"Дүр қамшы"

Сөзі: Біләл Қуаныш

Музыкасы: Ұшқын Жамалбек

Алшаңдап басады, Алаштың баласы, 
Өз елі, өз жері, қалдырған бабасы. 
Бір түйір топырақ, бір тамшы қара су, 
Қазаққа ғана тән, қазақтың даласы. 

Балақтың биттерін басына қаптатпай, 
Көршінің иттерін есіктен аттатпай. 
Қолына қамшы алып, әлемге жар салып, 
Қазақтар жүреді намысын таптатпай! 

Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде, 
Ойнайды дүр қамшы, рухыңнан бөгелме! 
Кеудеңді керіп жүр, ескі жау ел болмас, 
ҚАЗАҚ боп туғансың, ҚАЗАҚ бол өлерде. 

Жат тілде сөйлейді, жарымжан арсыздар, 
Жат дінде мүлгиді, жамау бет жансыздар. 
Құлдығын еске алып, қамшыдан қорқады, 
Тексізден тараған қарабет қамсыздар! 

Түркіге топталып, Қас Сақ боп жүргенбіз, 
Түндерде - айданбыз, жарықта - күнненбіз. 
Енді ешкім есірмес, есірсе кешірмес,
Тәуелсіз отанда ержеткен ұл мен қыз. 

Қайта оянды алашым, 
Жаңғыртып қазақ даласын. 
Түркінің түгел санасын, 
Біздерден жұртым табасың. 

Көздерінде от жайнап, 
Бабалар басын оққа айдап. 
Аманаттаған бостандық, 
Түспесін енді көк байрақ! 

Ер Алаш деп ұрандап, 
Күн сөнгенше сөнбейміз. 
Енді Алашты ешкімнің 
Қорлығына бермейміз! 

Қан шығар, мүмкін жан шығар, 
Төгілсін көзден тамшылар. 
Біргеміз енді бар қазақ, 
Қолымызда қамшы бар!!! 

Біздің ел, біздің жер, біз - қожа, біз - көсем, 
Бізді көр фәниден жұмақ жер іздесең. 
Сыйласаң қазақты сыясың ортаға, 
Көзіңді ашып жүр, біліп ал білмесең. 

Астында тұлпары, көгінде сұңқары, 
Алаш деп ұрандар алты жас ұрпағы. 
Сенгені бір алла, қолында дүр қамшы, 
Боламыз біз ертең әлемнің сұлтаны!

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір