• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:44:35
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 NEWS

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың соты басталды

Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа...

Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы басталды. Сот отандасымыз ұсталған Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтіп жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.

Сот отырысына үш сот, екі айыптаушы және А. Тұрлыбайдың Қытайдағы екі қорғаушысы мен Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов қатысуда. Сонымен қатар ҚР консулдық бөлімнің басшысы Болат Сырлыбаев та бар. Сотта аудармашы болғанымен сұрақтарға Ақжарқынның өзі қытайша жауап беруде. 

Бұған дейінгі отырыстардың барлығына қатысқан Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмады. Естеріңізде болса, 21 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталды. Осы іс бойынша Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі заттарын тасымалдады деп айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айырды. Кейін заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі Ортаазиялық аймақтық ақпараттық орталық жерлесімізді нигериялық наркомафияның құрбаны болды деп мәлімдеген еді. Биыл 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы шешім шығарды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір