• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:46:28
Алматы
+35°

 

 

Қазақстандағы жеміс-көкөніс бизнесі. Оның жағдайы, мүмкіндігі мен даму перспективасы, сондай-ақ саладағы әлемдік тренд «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен Алматыда өткен Халықаралық конференцияның басты тақырыбы болды.

Форум республиканың жеміс-көкөніс саласындағы басты қатысушылары - жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерді, көтерме және бөлшек сауда өкілдерін, импорттаушылар мен экспорттаушыларды, жабдықтарды, тұқымды және өсімдікті қорғау құралдарын жеткізушілерді, қаржы және инвестициялық институттардың өкілдерінің басын қосты.

«Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» Халықаралық конференциясының бағдарламасы жеміс-көкөніс нарығына шетелдік қатысушылардың арасында да үлкен қызығушылық туғызды. Жалпы іс-шараға әлемнің 11 елінен шамамен 200 адам қатысты. Олардың қатарында – бақша өсіру және көкөніс шаруашылығындағы өсіру, өңдеу және сақтау секторындағы «модаға заң шығарушылар» бар» - дейді ұйымдастырушылар.

Республикада, қазіргі уақытта жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісімен, ішкі нарықты молықтырумен және экспортпен байланысты бірқатар мәселелер ашық болып отырғаны белгілі. Көкөніс пен жеміске баға құру, әсіресе маусым аралық кезеңдердегі проблемалар аса өзекті болып табылады. Форумда қалыптасқан ортақ пікір бойынша нарықтың кәсіби қатысушыларының, мемлекеттік органдарды және даму институттарын қоса алғандағы қатысушылар арасындағы ақпаратпен және тәжірибемен тікелей алмасу осы мәселелерді шешу бойынша қабылданатын шараларға көмегін тигізеді.

Конференцияны ұйымдастырушылармен («Қазагромаркетинг» АҚ және украинаның «АПК-информ» компаниясы) өте тығыз, және сонымен бірге толыққанды күн тәртібінің бағдарламасы жасалғанын айта кету қажет.

Өз кезегінде, жеміс-көкөніс шаруашылығындағы жобаларды қолдаудың қаржы құралдары туралы «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтып берді. Отандық фермерлерді қолдау және маусым аралық кезеңдегі қажеттілікті өтеу мақсатында, «ҚазАгро» ұлттық холдингімен келесі инвестициялық бағыттар қаржыландырылды:

жылыжай құрылысы бойынша (46,5 млрд. теңгенің 41 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 63 мың тонна жеміс-көкөніс өнімі, алаңы 147 га., оның ішінде 33 жоба іске қосылды). Олардың ішіндегі аса танымалы - «Green Land Alatau» ЖШС (Алматы облысы), «Аделя» ШҚ (ОҚО), «Тепличные Технологии Казахстана» ЖШС (Ақмола облысы).

суару жүйелерін қолдану арқылы өнім өндіру бойынша (құны 19 млрд. теңгенің 66 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 239 мың тонна жеміс-көкөніс өнімі. Соның ішінде, 63 жоба іске қосылды). "Арғын" ШҚ (Қарағанды облысы), Айдарбаев ШҚ (Алматы облысы.) атап өтуге болады.

бау-бақшалар салу және дамыту бойынша (құны 6 млрд. теңгенің 14 жобасы мақұлданды, жиынтық өндіріс қуаттылығы жылына 31мың тонна жеміс-көкөніс өнімі. Барлық 14 жоба пайдалануға берілді)Олардың ішіндегі аса танымалы - «Аманкелдi» ЖШС (ОҚО), "Alma Green Fields" ЖШС (Алматы облысы).

«Холдингпен қаржыландырылған жобалар жобалық қуаттылығына шыққан кезде жылына 530 мың тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімінің өндірісін қамтамасыз етеді. Өндірілген өнімді сақтау инфрақұрылымын дамыту шеңберінде, Холдинг көкөніс сақтау қоймасының құрылысы мен жаңарту жөніндегі жобаны қаржыландырады» - деді «ҚазАгор» ҰХ басқарма төрағасы.

Бұл бағыт бойынша құны 16,7 млрд.теңгенің 44 жобасы мақұлданды, біржолғы сақтаудың жиынтық сыйымдылығы 185 мың тонна, оның ішінде 41 жоба пайдалануға берілген. Оның қатарында - «Kazakh Cool» ЖШС (Алматы облысы), «Фирма Актогай-АГРО» ЖШС (Павлодар облысы)

Бүгінгі таңда «ҚазАгро» холдингімен консервіленген көкөніс пен жеміс өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, соның ішінде жеміс-көкөніс бойынша жобаларды лизинг механизмі арқылы қаржыландыру бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта осы бағытта 650 млн.теңге сомасына 3 жоба пайдалануға берілді, жалпы өндіріс қуаттылығы жылына 260 мың литр шырын және жылына 50 мың тонна өнім шығарады. Әңгіме, «Алтын Алма» ЖШС, ОҚО – шырын, «Иссыкский плодоконсервный завод» ЖШС, Алматы облысы – томатты қайта өңдеу, «Агро Қордай» ЖШС, Жамбыл облысы – кептірілген жемістер мен көкөніс өндірісі жобалары туралы болды.

Baq.kz 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір