• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:24:46
Алматы
+35°

04 Қараша, 2016 NEWS

Т. Жаманқұлов ақша жымқырғанын мойындады

Сәрсенбі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро ұстаған «Феникс» фильмінің продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов фильмді түсіруге...

Сәрсенбі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро ұстаған «Феникс» фильмінің продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов фильмді түсіруге бөлінген бюджет қаржысын жымқырғанын толығымен мойындап, ісіне өкінетінін және келтірілген шығынды өтейтінін жеткізді, - деп жазады Baq.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрланған бюджет қаржысын жеке басына жұмсағанын растады.

Сондай-ақ Т.Жаманқұлов өзіне кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды және ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кінәсін мойындауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді.

3 қараша күні Т.Жаманқұлов шығынды жарым-жартылай өтеді. Сол себепті оның жасы, атақ-абыройы мен кепіл мүлікті енгізгені ескеріліп, оған қатысты «кепіл» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қолдаухат Т.Жаманқұлов, Н.Юдина және Г.Ысқақова келтірген шығын толық өтелгеннен кейін қаралады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір