• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:23:22
Алматы
+35°

04 Қараша, 2016 NEWS

ҚАЗАҚСТАНДА СОТТЫ БОЛҒАН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ

Театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың қазына қаражатын жымқырды деген айыппен қамауға алынуы қоғамда қызу талқыға түсті.

Театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың қазына қаражатын жымқырды деген айыппен қамауға алынуы қоғамда қызу талқыға түсті. Qamshy.kz Т. Жаманқұловқа дейін де түрлі айыптармен қамауға алынып, сотты болған қазақстандық зиялы қауым өкілдерінің бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Арон Атабек, ақын, публицист. Алматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданында 2006 жылы өткен наразылық шаралары кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, полицияны тұтқынға алып, өлтірді деген айыппен 2008 жылы 5 қазанда 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Жаза мерзімін сот 2006 жылдың 17 шілдесінен бастап есептеуді белгіледі. А. Атабектің жаза мерзімі 2024 жылы 16 шілдеде аяқталады.

Жақсылық Досқалиев, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 2010 жылы Ж. Досқалиевтің үстінен Денсаулық сақтау министрі қызметін атқару кезінде лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен 2011 жылдың 5 тамызында 7 жылға бас бостандығынан айрылды. 2012 жылы Президент Жарлығымен кешірім беріліп, бостандыққа шықты.

Серік Сапарғали, жазушы. 2012 жылы сот үкімімен «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

Саят Ыбырай, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. 2012 жылы «Діни араздық туғызды», «Экстремизм», «Қылмыстық топ құрды» деген айыптармен 12 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ерлан Арын, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор. 2014 жылы Павлодар облысының әкімі лауазымын атқару кезінде лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айыпталып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, сот оны «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айырды.

Сейітқазы Матаев, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтардың үстінен жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. 2016 жылы 3 қазанда Астана қалалық Есіл ауданының 2№ соты С. Матаевты салық төлеуден жалтарды, алаяқтық жасады деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, С. Матаевтың ұлы «ҚазТАГ» Халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаевты «Алаяқтық» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырды. 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір