• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:56:48
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016 NEWS

Жаманқұловтың Елбасына жолдаған үндеуіне министр жауап берді (Видео)

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арасындағы  дау әлі де аяқталар емес. Бұған қатысты Т. Жаманқұлов елбасы  атына...

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арасындағы  дау әлі де аяқталар емес. Бұған қатысты Т. Жаманқұлов елбасы  атына үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Осы видеоға қатысты Мұхамедиұлы БАҚ өкілдеріне өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды Qamshy.kz. 

Аталған видеоүндеуге қатысты министр жауап берді. Мені не нәрсені өткеріп жатқанымды өздеріңіз көріп отырсыздар.  Ол видеоүндеудің уақытының қашан шыққанын қараңыздар деп, бұдан бөлек соңғы бір жыл ішінде бірнеше үндеулер жазылған деді. Осылайша әр түрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтады. Тіпті бір жыл ішінде осындай әрекеттермен Ресей компаниясына 450 млн теңге пайда келтіргісі келгендерін атап өтті. 

Естеріңізге салсақ, бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың Елбасына арнап жазған видео мәлімдемесі пайда болған. Видеода актер Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен бас араздығының болғанын, фильмге бөлінген қаражатты «Қазақ елі» сериалына аударып жібергенін, Талғат Жәнібековтің шалыс басып, министрді айыптап ағат қылық жасағанын, өзінің Еңлік Сыдықованы қорғап, журналиске видео сұхбат бергенін, Арыстанбек Мұхамедиұлымен түсінісу үшін Астанада кездескенін, кешірім сұрағанын мойындай отырып, бірақ мәдениет министрінің мәміледен бас тартқанын, «бала-шағаң қаңғырып қалады» деп қоқан-лоққы көрсеткенін, қисынсыз айып тағып, талап қойғанын айтқан.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір