• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:43:04
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Сауд Арабиясында террорлық әрекет жасамақ болды деп айыпталған қазақстандық бес студент елге қайтарылды,- деп хабарлайды

Сауд Арабиясында террорлық әрекет жасамақ болды деп айыпталған қазақстандық бес студент елге қайтарылды,- деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Тағы бір отандасымызға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Корольдіктегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев айтып берді. Елшінің сөзінше, Сауд Арабиясында қазақстандық 95 студент білім алып жүр. Олардың 60-қа жуығы Медина қаласындағы ислам университетінде оқиды.

"Бұл университетке бүкіл әлемнен түрлі адамдар, түрлі көзқарастарымен келеді. Сондықтан басқа ағымға кетіп қалу қаупі бар деп айта аламын. Оның кей нышандарын біз байқап та отырмыз. Бізде студенттермен жұмыс өте қатаң бақылауда. Әрдайым олармен байланыстамыз. Қай бағытта қандай идеология бойынша білім алып жатқандарын қарап отырамыз", - дейді Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір