• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:52:59
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Ресейде тегін тамақ тарататын мұздатқыш жобасы іске қосылды

Ресейдің ірі қалаларының бірі Петербургте алғашқы қоғамдық мұздатқыш орнатылды. Фудшеринг жобасының басты мақсаты тұрғындардың артық азық-түлікті босқа...

Ресейдің ірі қалаларының бірі Петербургте алғашқы қоғамдық мұздатқыш орнатылды. Фудшеринг жобасының басты мақсаты тұрғындардың артық азық-түлікті босқа тастамай, мұқтаж жандармен бөлісуіне мүмкіндік туғызу. Бұл туралы «Комсомольскя правда» басылымы жазады.

Енді Петербург тұрғындары артық тағамдарды қоғамдық мұздатқышқа салып, өзі қалаған азық-түлік түрінен алуына да болады.

Дүниежүзі бойынша азық-түліктің үштен бірі ысырап болады екен. Ресейде қолға алынған жаңа жоба осы мәскелені  шешуге бағытталған.

Мұздатқыштың тазалығын бақылап, ревизия жүргізу еріктілерге тапсырылмақ.

Қоғамдық мұздатқышқа шикі ет, балық және жұмыртқа салуға болмайды. Сондай-ақ артық тағамдарды өткізетін адам нені қашан салғанын да арнайы жапсырылған дәптерге тіркеуі міндетті.

«Спасибо!» қайырымдылық дүкеніне орнатылған қоғамдық мұздатқыштың салтанатты түрде ашылуы 13 қарашаға жоспарланған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір