• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:40:01
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Алты айлық сәбиді аяусыз ұрған әйел іздестірілуде

Кеше әлеуметтік желісінде Фариза атты қолданушы кішкентай сәбиді шапалақпен "Жап мына ауызды" деп алты айлық сәбиді сабап жатқан қатыгез әйелдің

Кеше әлеуметтік желісінде Фариза атты қолданушы кішкентай сәбиді шапалақпен "Жап мына ауызды" деп алты айлық сәбиді сабап жатқан қатыгез әйелдің видеосын салған.

Безбүйрек әйел ұсталса, оған  Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру») және 106-бабы 3-тармағы («Азаптау») бойынша іс қаралып, тергеу амалдары жүргізілуі мүмкін,- деп хабарлайды Қамшы порталы. 

Қатыгездікке толы  бұл видео барша әлеуметтік желілерді шулатып, қоғам наразылығын тудырған еді. Видеоны сәбидің анасы жұмыста болғанда 8 жастағы қыз түсіріп алған. Ал, аяусыз әйел болса эмигрант жұмысшы болуы мүмкін. Есімі Курманбаева Айгул Кожабайевна дейді видеоны бөлісуші.

Осы мәселеге байланысты порталымыздың тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне хабарласып, ресми ақпарат сұраған еді.  

ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев:

Кеше интернет желісінде кішкентай баланы ұрып жатқан әйелдің видеосы жарық көрген болатын. Сол бойынша азаматша тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  Оқиғаның анық-қанығы белгілі болғанда  мәселеге процессуалды баға берілетін болады. 

Қамшы порталының тілшілері бұл істі өз назарына алып, ресми ұйым өкілдерімен байланыста отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір