• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:06:57
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Аймақтар

Ордабасы ауданында 5 ауылшаруашылық кооператив құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі – 62 пайызға, бидайдың егістігі – 32 пайызға, картоптың – 3,7 пайызға ұлғайды. Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды.

Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашу  жоспарлануда. Биыл ауданда 500 гектар жаңадан жеміс баулары егілсе, оның ішінде, қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылды.  Ал Төрткөл, Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауыл округтерінде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. 

Осы орайда, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту және жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренажды іске қосуға жұмыс жасалмақ. Биыл аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайғаны да – үлкен жетістік.

Айта кетейік, «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс көрсеткіші 20 173 ірі қара малды құраса, оның 5,2 пайыздық үлесі Ордабасыға тиесілі, ал «Алтын Асық» бағдарламасымен 2903 уақ мал алынды. Бұл облыстық көрсеткіштің 9,2 пайызы. «Құлан» бағдарламасымен алынған 741 асыл тұқымды жылқының облыстағы үлесі 16,5 пайызды құрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір