• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:14:23
Алматы
+35°

27 Қазан, 2016 Аймақтар

Сайрам ет өндіруді жандандырмақшы

Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауданының экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда халықтың дені шағын және орта бизнеспен айналысады. Ауданда әлеуметтік мәселелер мен...

 

Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауданының экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда халықтың дені шағын және орта бизнеспен айналысады. Ауданда әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылым тарту жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілуде.

          Сайрам ауданы негізінен - аграрлы аудан. Ежелден ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Кеңес одағы ыдырағанда да төл кәсіптерінен ажырамады. Егін егіп, оны қайта өндеді. Сүт өңдеу жылына 160 мың тоннаға жетті. Мал өсіріп, бордақылады. Ет экспортының жылдық көлемі - 21 мың тонна. Өздері тұтынатын қажеттісінен бөлек, өзге аймақтарға апарып сатады. Ендігі меже - осы етті бұқтырып, өңдеп консерві өнімдерін шығару.

          Сайрамда ауыз су мәселесі айтарлықтай шешілген. Жыл соңына дейін аудан  халқының 80 пайызы газбен қамтылады. Жалпы, коммуналдық мәселелер 2020 жылы түбегейлі шешімін табуы керек,-дейді аудан әкімі Самат Сапарбаев. Аудан әкімі сонымен бірге етті өндіру мәселесі кенжелеп қалғанын жасырмады.

Сайрамда 3 ауысымдағы мектеп мәселесі де жуық арада жойылады. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер мемлекет пен жекеменшік әріптестік нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтылған.  Аудан әкімдігінің ендігі жоспары – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын бұдан да жоғары деңгейге шығару. Бұл мақсатта да үлкен міндеттер қойылған. Атқарылар шаруалар да шаш етектен. 

http://shymkenttv.kz/

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір