• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:02:13
Алматы
+35°

 

         Астана тұрғыны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізіп жатқандарға алғысым шексіз.  Астанаға қара суық түсіп, қар жауып кетсе де, елорда тұрғындары оңтүстіктің қарбыз-қауынын жеуге мүмкіндік алғаны қуантады.  Құрт-ірімшік, қымыз-шұбат, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдар және бар. Бүгін таңертең «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында Оңтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі басталып, оңтүстігіміздің қаншама өнімін сатып алдық.

Астанада қарбыздың маусымы тез өтіп кетеді, тойып жеп үлгермейміз. Сол себепті, оңтүстіктің қарбыз-қауынынан ауыз тиейік деп сатып алдым. Килосы 90 теңгеден екен. Бұған қоса мұндай баға таппайсыз. Жәрмеңкеде сәбіз, картоп, пияз сияқты көкөністердің килосы 50 теңгеден, баялды – 100 теңгеден, құрттың килосы – 1 400 теңгеден, ірімшік – 1 100 теңгеден, жылқы еті – 1 200 теңгеден, жылқының қазысы – 1 500 теңгеден, жұмыртқа – 22 теңгеден сатылуда. Бұл деген қарапайым халық үшін өте қолжетімді баға.  Ұйымдастырушалырдың айтуынша, оңтүстік өңір ауыл шаруашылық өнімдерімен Қазақстанның барлық облыстарын қамтуға тырысады екен. Облыс әкімдігі жеміс-жидек, көкөніс егілетін жерлердің көлемін де жыл сайын ұлғайтып, дихандарға қолдау көрсетуді жүйелі түрде жүргізіп келе жатқанынан да хабардармыз. Сәйкесінше өнім көлемі де артуда.

Жазира  АСҚАР,

Астана қаласының тұрғыны

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір