• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:32:38
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2017 NEWS

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді. Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда. Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін. 

Динара Сәдуақасова, шахматтан Әлем чемпионы, Халықаралық гроссмейстер

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір