• USD 465.08

  • EUR 488.75

  • RUB 9.1

  • CNY 69.43

29 Маусым, 19:54:52
Алматы
+27°

03 Мамыр, 2017

Біз - қазақ, Ninety one балық екен...

Тағы да Ninety one тобының көптің ашуын тудырған бейнебаяны жарыққа шықты деп хабарлайды

Тағы да Ninety one тобының көптің ашуын тудырған бейнебаяны жарыққа шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Осыдан біраз уақыт бұрын шаштарын қараға бояп, сырғаларын шешіп, қалыпты стильге көшкен кезде біраз қазақ шүкіршілік еткен еді. Бірақ жаңа бейнебаянында олар өз стильдеріне қайта оралғандарын көрсетті. Бейнебаянда титтей де болсын мән-мағына жоқтығымен қоймай, айтқан сөздері де түсініксіз, тіпті мәтінді дұрыстап оқып шықсаң да ештеңе ұқпайсыз.

Олардың жаңа әні «Су асты» деп аталады. Әнде «бізде желбезектер қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені» деген сөйлемдер кездеседі. Шынымен де қанша түсінейін деп оқысаңыз да түсіне алмайсыз. Бұл әнде олардың «біз не істесек те өзіміз білеміз, бізге қарсы тұра алмайсыңдар» деп айтқылары келгендігін ғана байқадым. Әрине, не істесе де өздері біледі, бірақ олардың болашақ ұрпақтың санасын улауына жол беріп, қарап отыра алмасымыз анық.

Топ мүшелерінің музыкалық сауаттылығы мен хореографиялық шеберліктерін мойындау керек. Алайда, бұл бейнебаян арқылы жынданып кеткен бе деп ойлайсыз. Бұл жерде жігіттер өздерін шегіп алған адам секілді көрсеткен.  Олар ауаны қажет етпейді екен. Яғни олардың өмірлері өзгеше, өзгелерге ұқсай қоймайды.  Олар қарапайым адамдар секілді өмір сүруден бас тартқан. Бірақ олар өздерімен-өздері болып сол беймәлім әлемде өмір сүре берсе жақсы еді. Өздерімен бірге қаншама жастарды адастырып, әкетіп жатыр.

Қазақ халқын әлемге танытамыз дей ме?  Қазақ жігіттерінің абыройын түсіріп, әлемге танытпай-ақ қойсын. Қазақ өнері оларсыз да дамыған, дами да береді. 

Қамшыгер: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір