• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 14:17:30
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Саясат

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон саяси роман жазуға кірісті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон бұған дейін бестеселлерге айналған бірнеше кітаптың авторы, танымал жазушы Джеймс Паттерсонмен бірге The President Is...

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон бұған дейін бестеселлерге айналған бірнеше кітаптың авторы, танымал жазушы Джеймс Паттерсонмен бірге The President Is Missing атты саяси роман жазып жатыр. Клинтон мен Паттерсонның бірлескен шығармасы 2018 жылы маусымда жарық көрмек. Бұл жөнінде Азаттық жазады.

«Президент Клинтонмен бірге серіктес болу – карьерамның ең шырқау шыңы... Мен әңгіме айтушымын, ал президент Клинтонның қосқан үлесі бізге шын мәнінде қызықты тарихты баяндауға мүмкіндік берді» деген Паттерсон.

Кітапты басып шығару құқығына ие болған екі баспа үйінің мәлімдеуінше, бұл «биліктің ең жоғарғы сатысындағы, егжей-тегжейі тек президенттерге ғана мәлім саяси шиеленіс пен астыртын тартыс жайын баяндайтын шығарма» болмақ.

«Президент қызметі мен Ақ үйдегі өмір жайлы, Вашингтонда қызметтің қалай атқарылатыны туралы біліміме негізделген кітап жазу – үлкен ғанибет» дейді АҚШ президенті болып екі мәрте сайланған Билл Клинтон.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір