• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 19:52:08
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Аслан Мусиннің орнына жаңа елші тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төлежан Барлыбаев бұл уақытқа дейін Президент Әкімшілігі қызметінде болған.

Төлежан Барлыбаев 1970 жылы 26 қарашада Қарағанды облысы Теміртау ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеудегі мемлекеттік жоғарғы оқу орнында білім алған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Хорватиядағы елшісі қызметінде Аслан Мусин болған. Қаңтар айында ол қызметінен босатылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір