• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 01:11:42
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2017 Әлеумет

Ұлттық біріңғай тестілеудегі өзгерістер

Жалпы биылғы ҰБТ бірінші рет екі кезеңмен өткелі отыр. Мектеп аттестатын алу және жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тест бөлек-бөлек тапсырылады. Әрі...

Жалпы биылғы ҰБТ бірінші рет екі кезеңмен өткелі отыр. Мектеп аттестатын алу және жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тест бөлек-бөлек тапсырылады. Әрі біріншісінің қорытындысы, екіншісіне еш қатысы жоқ. Тіпті, мектепті «Алтын белгіге» бітіргендер де биыл жеңілдіктің бәрінен қағылады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

«Оқушыларға «Алтын белгі» тек қана мектепте беріледі. Егер екі оқушы бірдей балл алса, «Алтын белгіге» бітірген бала ғана жеңілдікке ие бола алады. Ал грантқа келгенде әрбір бала өзі қанша балл алды, сол баллға байланысты  ғана грант береміз»,- дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Тағы бір өзгеріс колледждерден кейін кешенді тест тапсыратындарға қатысты. Енді олар мектеп бағдарламасын жаттап бас қатырмайды. Тек өз мамандығына қатысты тестілеуден өтеді.

«Бұл жалпы кәсіптік және нақты мамандыққа қатысты пәндер. Осы екі пәнмен мемлекеттік грантқа өтініш бере алады. Ал егер мамандығын мүлдем ауыстыратын болса, мысалы гумманитарлықтан техникалыққа, онда кәдімгі ҰБТ тапсырады», деп хабарлады  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәкі, 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір